Жатақханада орналасуға өтінімдерді қабылдаймыз - 5 Курс

Орындар келесі топтарға жататын студенттерге беріледі
Жеңілдіктер:
  • Жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
  • Мүгедектігі бар адамдар
  • Көпбалалы жанұялардан шыққан балалар
  • Толық емес отбасынан шыққан балалар
  • Мүгедектігі бар баланы асырап жатқан жанұялардан шыққан балалар
  • Ата-аналардың біреуі/екеуі I немесе II топтағы мүгедектікке ие
  • МАӘК (АӘК) алушылар
  • Жалғызбасты аналарға жәрдемақы алушылар
  • Асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар
  • Қандас

Квоталар:

  • Халық тығыз орналасқан және батыс аймақтардағы жастарға арналған гранттар
  • Халықаралық және қос дипломды бағдарламалар
  • Серпін
  • Педагогикалық
  • ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары
  • Ауылдық педагогикалық
  • ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар
  • Ауылдық (селолық) жастар қатарындағы студенттер
  • Көрсетілген патриотизм үшін марапат иегерлері
  • Үздік аттестат
  • «Алтын белгі»
  • ҒЖБМ, ДСМ, ЖАО(Ғылым және Жоғары Білім Министрлігі, Денсаулық Сақтау Министрлігі, Жергілікті Атқарушы Органдар) гранттарының иегерлері
Орналасу 1 қазаннан бастап жүргізіледі.
Егер Сіз көрсетілген топтардың біріне жатсаңыз, өтінім бере аласыз.